"Тіліңде сүйек жоқ". Пугачева Вайкулеге үндемеуге кеңес берді

26 Тамыз 2018, 11:35
0
"Тіліңде сүйек жоқ". Пугачева Вайкулеге үндемеуге кеңес берді - © instagram/laima_vaikule_official
© instagram/laima_vaikule_official

Латвиялық әнші Лайма Вайкуле Instagram парақшасында видео жариялады, онда Алла Пугачева өзінің әріптесіне көп сөйлемеуге кеңес берді.

Видеода екі әнші дәмханада отыр. Пугачева Вайкуледен тілін көрсетуді өтінді. "Біліп едім, - деді Пугачева Вайкуле тілін шығарғаннан кейін. - Тіліңде сүйек жоқ. Мұндай тілмен не істеу керек, білесің бе? Үндемеу керек". 

Бұл ролик Вайкулеге қатысты шудан кейін пайда болды. Ол қанша ақша төленсе де Қырымға бармайтынын және еуропалықтар үшін оған тыйым салынғанын айтқан.

Ресейде бұл оқиға қызу талқыланды, кейін ол ешкімді ренжіткісі келмегенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Вайкуле түбекке тек санкциялар алынғаннан кейін баратынын айтты. Осыдан кейін Вайкуленің тіпті Ресейде өнер көрсетуіне тыйымның салынуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай