Виктор Цойдың ұлы Қазақстанда ток-шоуға қатысты

16 Мамыр 2014, 08:56
0
Виктор Цойдың ұлы Қазақстанда ток-шоуға қатысты - Александр Цой "Наша правда" бағдарламасында
Александр Цой "Наша правда" бағдарламасында
Виктор Цойдың ұлы Қазақстанда ток-шоуға қатысты - "Игла" фильмінен кадр
"Игла" фильмінен кадр

Белгілі музыкант Виктор Цойдың ұлы бірінші рет қазақ телевидениесіндегі бағдарламаға қатысты. 16 мамыр күні КТК телеарнасындағы "Наша правда" ток-шоуында Александр Цой аты аңызға айналған әкесі өмірден өткеннен кейінгі өзінің тағдыры туралы әңгімеледі. 

Бағдарламаға қонақ ретінде белгілі актерлер, режиссерлер, осыдан ширек ғасыр бұрын түсірілген "Игла" фильмінің түсіру тобы қатысты. 

Бағдарлама қатысушылары "Цой өзінің хитқа айналған әндерін неге Қазақстанда жазды?" деген сауалға жауап іздеп көрді. Аңызға айналған лента түсірілген жер қазір қандай жағдайда? Осы картинаны түсірушілердің өмірі фильмнен кейін өзгерді ме?

Александр Цой 1985 жылы 5 тамызда дүниеге келген. Ол Виктор Цойдың жалғыз баласы. Александр программист болып жұмыс істейді, ән жазады, дизайнер-көркемдеушілікпен табыс табады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай