Алдағы екі жылда Астана әуежайында не өзгереді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Астана әуежайы 2026–2027 жылдары қалай өзгереді? Tengritravel.kz жауабын білді.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайы 2026–2027 жылдары қалай өзгереді? Tengritravel.kz жауабын білді.

Толығырақ ақпаратты халықаралық әуежай өкілдері хабарлады. 2026–2027 жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясымен жасалған инвестициялық келісім аясында ірі өзгерістер жоспарланып отыр.

"Көрсетілген кезеңдегі негізгі жоба – екінші ұшу-қону жолағын салу. Оның құрылысы 2025 жылы басталып, 2026–2027 жылдары белсенді жалғасады. Құрылыстың аяқталуы 2028 жылға жоспарланған", – деді коммерция жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ермек Құмыспаев.

Оның айтуынша, жаңа ұшу-қону жолағы әуежайдың өткізу қабілетін арттырады және болашақта жұмыс істеп тұрған жолақты реконструкциялауға мүмкіндік береді, бұл ретте әуежайдың жұмысы тоқтамайды.

"2026–2027 жылдары биометриялық бақылау пункттерін, жолаушылар ағынын басқарудың интеллектуалды жүйелерін және логистика мен сервисті автоматтандыруды белсенді енгізу жоспарланып отыр. Барлық өзгерістер жолаушылар мен жүк ағынының болжамды өсуіне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", – деді ол.

Сондай-ақ, 2026–2027 жылдары қазақстандық мамандарды ел ішінде де, шетелде де – оның ішінде БАӘ-нің авиация академиялары мен әуежайларында – оқыту жоспарланған. Оларды жаңа цифрлық жүйелермен, логистикамен және заманауи жабдықтармен жұмыс істеуге дайындайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная