Алматы әуежайында жолаушыларға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алматы әуежайы ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты рейстерге қызмет көрсетуге шектеулер енгізілгені туралы хабарлады. Қарлы боран аэродромдық қызметтердің жұмысын қиындатқан.
"Қардың интенсивтілігіне байланысты деайсинг қызметтері бойынша шектеулер енгізілді. Барлық әуежай қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, кідірістерді азайту және операциялардың қалыпты жүруін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шара қабылдап жатыр. Жолаушыларға рейстердің ағымдағы күйін әуежай мен әуе компанияларының ресми сайттарынан тексеруді сұраймыз. Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рақмет", – деп хабарлады Алматы әуежайының корпоративтік коммуникациялар департаменті.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!