Алматы әуежайы жолаушылары мен қонақтары үшін маңызды ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
1 сәуірден бастап ішкі рейстер терминалында сыртқы сумен жабдықтау және өрт eсөндіру желілерін жаңарту жұмыстары басталды. Осыған байланысты терминал алдында автотұрақ аумағында жер жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл вокзал маңындағы алаңдағы жүру бөлігінің өткізу қабілетін уақытша төмендетеді.
"Сапарларыңызды жоспарлау кезінде әуежайға кешігіп қалмас үшін осы жағдайды ескерулеріңізді сұраймыз. Құрылыс алаңдарына жақын жерде мұқият және сақ болыңыздар", - делінген хабарламада.
Фото Tengrinews.kz
Жұмыстар 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жоспарланып отыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!