Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жасөспірім өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жасөспірім өлі табылды Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.

"Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.

"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан астам адам – Алматы қалалық құтқару қызметінің (109), республикалық жедел-құтқару жасағының, ТЖД, шекара қызметінің, полиция мен еріктілердің қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты
;