Алматы тауларындағы трагедия: қыздың қазасына қатысты не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Көрнекі сурет ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы маңындағы тауларда болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңындағы тауларда болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұған дейін 2 мамырда Алмарасан шатқалында тас құлап, салдарынан қыз мерт болған болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы мәліметінше, қайғылы жағдай 4 мамырда Горельник сарқырамасы маңында болған. Бұл оқиғаның екі күн бұрынғы тас құлаған оқиғаға байланысы жоқ. Ресми мәліметке сәйкес, ол кезде ешкім зардап шекпеген.

"4 мамырда теңіз деңгейінен 2,5 мың метр биіктікте Горельник шатқалының сарқырама маңында құтқарушылар, медицина қызметкерлері және кинологтармен бірлесіп қыздың денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Қыздың нақты неден қаза тапқаны әзірге белгісіз. Әлеуметтік желілерде оқиғаның куәгерлері қыздың үстіне үлкен тас құлаған болуы мүмкін екенін жазып жатыр.

Құтқарушылардың мәліметінше, жыл басынан бері Алматы тауларында 80-нен астам құтқару операциясы жүргізілген. 100-ден астам турист, оның ішінде 20 бала құтқарылып, аман алып қалынған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная