Астана әуежайында Түркия азаматы қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Астана халықаралық әуежайында Түркия азаматы тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана халықаралық әуежайында Түркия азаматы тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов хабарлады.

Оның айтуынша, Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе рейсіне тіркеу кезінде "Астана – Пхукет" бағытындағы ұшаққа отырғалы тұрған 47 жастағы Түркия азаматын анықтап, ұстаған. Ол әуекомпаниясының өкіліне әзілдеп, өзімен бірге тыйым салынған заттардың бар екенін айтқан.

Бұл ақпарат шұғыл тексеріліп, ңәтижесінде қатер расталмаған. Дегенмен, бұл оқиға тіркеу қызметінің жұмысына уақытша кідіріс келтіріп, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында алаңдаушылық туғызды.

Көлік полицейлері шетелдік азаматты жауапқа тартып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

"Қауіпсіздік қатерлеріне қатысты кез келген әзіл немесе мәлімдеме аса мұқият қарастырылады. Нақты қауіп болмаса да, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді және оның соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная