19 маусымда Астанадағы теміржол вокзалында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаға байланысты жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 19:55-те вокзал ғимаратында бомба қойылғаны туралы аноним хабарлама түскен. Белгіленген хаттамаға сәйкес, шұғыл қызметтер дереу хабардар етіліп, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды. Алайда қауіп расталмады.
Сағат 20:25-те вокзал қалыпты жұмыс режиміне қайта көшті.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы азаматтарды сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!