Каспий мен Қара теңізді жерасты туннелі арқылы байланыстыру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Әзербайжандық ADOG компаниясы мен халықаралық Зира порты Каспий мен Қара теңізді жалғайтын жерасты туннелін салу бастамасын көтерді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Minval.az сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжандық ADOG компаниясы мен халықаралық Зира порты Каспий мен Қара теңізді жалғайтын жерасты туннелін салу бастамасын көтерді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Minval.az сайтына сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, Қара теңізді (Грузия немесе Ресей жағынан) Каспиймен байланыстыратын диаметрі 10 метр болатын жерасты туннелін салу ұсынылады. Табиғи деңгей айырмашылығының арқасында Қара теңізден Каспийге су өздігінен, яғни сорғыларсыз ағатын болады.

"Бастама Каспий теңізінің су балансын тұрақтандыруға бағытталған. Соңғы жылдары Каспийдің деңгейі күрт төмендеп, бұл жағалаудағы мемлекеттер үшін экологиялық, экономикалық және инфрақұрылымдық тұрғыда елеулі қатер төндіріп отыр", – делінген жарияланымда.

Компания жоба жүзеге асқан жағдайда толық экологиялық мониторинг жүргізіліп, биоалуантүрлілікті сақтау шаралары қабылданатынын атап өтті. ADOG техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға және қажетті ресурстарды жұмылдыруға дайын екенін мәлімдеді.

Жобаны ұсынушылар бұл бастаманы мемлекеттік деңгейде қарастырып, уәкілетті органдарға алдын ала консультациялар жүргізуді тапсырған жөн деп есептейді.

Еске салайық, 2025 жылдың ақпанында сарапшылар Каспий теңізі деңгейінің соңғы 20 жылда бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен – 2 метрге төмендегенін мәлімдеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная