Қазақстанда қытайлық аэротакси сыналды: желіде видеосы талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қытайлық аэротакси сыналды: желіде видеосы талқыланып жатыр Бейнеден алынған кадр

Көлік министрлігі Алатау аспанында байқалған ұшу аппаратының пилотсыз аэротакси екенін растады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.


Көлік министрлігі Алатау аспанында байқалған ұшу аппаратының пилотсыз аэротакси екенін растады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.

Журналистер көлік министрінен кеше желіде тараған бейнежазба туралы сұрады. Алатау аспанында ұшу аппараты байқалған болатын. Желі қолданушылары мұны аэротакси болуы мүмкін деп болжаған еді.

@1millionmillioner

Менің бірінші ролигім болғанымен - сразу рекке кіреді! Видеода көрінбейді бірақ мына ұшақтың ішінде пилот жоқ - пустой. Мынау не екенін айталатындар жазып жіберсеңдер, досыммен басекелестік 10 мыңға, оның ойынша бұл дрон, менің ойымша ұшақ (вертолет тектес).

♬ оригинальный звук - 1million😎

Нұрлан Сауранбаев кеше пилотсыз аэротаксидің сынақ ұшырылымы болғанын растады.

"Иә, пилотсыз аэротаксидің сынақ ұшырылымы өтті. Бұл мамырда іске қосамыз деп айтқан тұсаукесерлік шарамыз болатын. Бұл осы аппараттың сынақ ұшырылымы", - деді министр.

Аппараттың техникалық сипаттамасы туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтып берді. Оның сөзінше, мәселе қытайлық өндіруші AutoFlight ұшу аппараты туралы болып отыр.

"Оның техникалық параметрлері: ұшу радиусы 250 шақырым, максималды жылдамдығы сағатына 200 шақырым. Қазіргі уақытта Алатау аспанында аталған аппараттың сынақ ұшырылымы жүргізіліп жатыр", - деді Ластаев.

Брифингке қатысушылар аэротаксидің Алматыға неше минутта жететіні және аппараттың неше жолаушыға арналғаны туралы сұрақтарға жауап бермеді.

Қазақстандағы аэротакси

Бұған дейін аэротакси тақырыбы Үкімет отырысында көтерілген болатын. Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне маусымның аяғына дейін қалалық әуе мобильділігі - UAM мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді дайындауды тапсырды. Ол Қазақстан аэротакси, дрондар мен ұшу аппараттарының өзге де жаңа түрлерін іске қосуға дайын болуы керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрлан Сауранбаев "Аллюр" және "Алатау Advanced Group" компаниялары сынақтан өткізу үшін пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алып жатқанын хабарлаған еді. Министрлік мәліметінше, қазірдің өзінде қону алаңдары мен операциялық орталық құрылысы басталып кеткен.

TengriTravel
;