Кімдерге ұшақпен ұшқанда сақ болу керек?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кардиолог Никита Ломакин тромбоз қаупіне байланысты кімдерге ерекше сақтықпен ұшу керек екенін айтты. Бұл туралы ол aif.ru басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Кардиолог Никита Ломакин тромбоз қаупіне байланысты кімдерге ерекше сақтықпен ұшу керек екенін айтты. Бұл туралы ол aif.ru басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қан тамырлары, жүрек, қан аурулары, онкологиялық аурулармен ауыратындар, сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы қозғалмағандар, отадан кейінгі науқастар қауіп тобына жатады. Сонымен қатар, сарапшы жүкті әйелдерді, кейбір спортшыларды абайлап ұшуға шақырды.

Никита Ломакинның сөзінше, тромбоздың бір себебі болуы мүмкін қан ұюы ұшақта мына үш факторға байланысты:

  • қысым өзгеруі;
  • құрғақ ауа;
  • дегидратация.

Қауіпті азайту үшін дәрігер ұшу кезінде газсыз су ішуге кеңес берді. Никита Ломакин шай, кофе және ішімдіктен бас тартуға шақырды.

"Дәрігерлер рейс алдында ұйықтататын дәрі ішпеуді ұсынады. Ұйқысыз түн бірнеше сағат бойы тар кеңістікте қозғалмай отырғаннан жақсы. Қозғалыс болмауы тромбоз қаупін арттырады", - деді дәрігер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная