Маңғыстау полицейлері малайзиялық туристерге көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау полицейлері малайзиялық туристерге көмектесті Фото: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Маңғыстау полицейлері Малайзиядан келген туристерге көмектесті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау полицейлері Малайзиядан келген туристерге көмектесті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қазанында Жетібай–Шетпе тасжолында патрульдік полиция ротасының инспекторларына шетелдік турист әйелдер көмек сұрап жүгінген.

Олар Малайзиядан Бозжыраның табиғи көрінісін тамашалауға келген. Туристердің айтуынша, олар жол бойындағы санитарлық орынға аялдаған кезде ұялы телефондарын жоғалтып алған.

Полицейлер жедел әрекет етіп, көрсетілген орынға барып, жоғалған телефонды табуға көмектесті. Шетелдіктер жеке заттарын қайтарып алып, көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді.

Сурет: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная
Иконка Tengri health
Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная
;