KASE кешкі сессиясында доллардың бағамы шамамен 5 теңгеге өсті

24 Тамыз 2015, 17:17
0
KASE кешкі сессиясында доллардың бағамы шамамен 5 теңгеге өсті - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының 2015 жылдың 24 тамызындағы кешкі сессиясы доллардың 225,53 теңгеге тең жағдайында жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның күндізгі сессиясынан айырмашылығы сауданың 11:30-дан 17:30-ға дейін Т+1 жүйесінде өтуінде болды. Бұл дегеніміз сол бағам бойынша есептесудің валютаны сатып алғаннан кейін бір күннен кейін жүзеге асырылатынын білдіреді. Кешкі сессия келісімнің доллар үшін 227 теңге көрсеткішінде ашылды. Ең төмен баға - 219, ал ең қымбаты - 227 теңге. Саудаға валюта нарығының 21 адамы қатысты. Жалпы көлемі 14 миллион доллардан асып түсті.

Еске салайық, KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 220,92 теңгеге тең болған еді. Сауда көлемі 247,2 миллион доллардан асты. Күндізгі сессия сағат 11.30-15.30 аралығында болды. 

Еске сала кетейік, 24 тамыздағы таңғы сессия бойынша доллар 218,61 теңге болған еді. 

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай