Әділетсіз жұмыс берушілердің көбісі Алматыда тұрады

10 Ақпан 2014, 12:48
0
Әділетсіз жұмыс берушілердің көбісі Алматыда тұрады - Фото shkolazhizni.ru сайтынан
Фото shkolazhizni.ru сайтынан
Қазіргі кезде қазақстандық жұмыс берушілердің жалақы қарызы 1 миллиард теңгеге таяп қалды. Оның 20 пайызы Алматы қаласына тиесілі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

Министрдің хабарлауынша, өткен жылдың басында 92 кәсіпорын 9 мың жұмысшыға жалпы соммасы 1 млрд. теңгеден астам жалақы қарыз болған. Сол бір жылдың ішінде мемлекеттік инспекторлар тағы 793 әділетсіз жұмыс берушіні анықтады. Олардың қарызы 4,3 млрд. теңгені құраған болатын. "Бүгінде қаржы министрлігі, әділет министрлігі және бас прокуратура органдарымен бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде 46 мың жұмысшының 4,7 млрд. теңгесі қайтарылды", - деді Т.Дүйсенова министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде.

Ал ағымдағы жылдың басында жалақы қарызы бар 74 кәсіпорын тіркелді. Олар өз жұмысшыларына 738 млн. теңге төлеп беруі тиіс. Осы қарыздың 20,3 пайызы Алматы қаласына тиесілі болса, Қарағанды облысында әділетсіз жұмыс берушілердің 18 пайызы тұрады.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай