АҚШ пен Иран мәмілесі мұнай нарығын дүр сілкіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ пен Иран мәмілесі мұнай нарығын дүр сілкіндірді Фото:depositphotos.com

АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылғаны туралы жаңалықтар аясында мұнай бағасы төмендеуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылғаны туралы жаңалықтар аясында мұнай бағасы төмендеуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ICE биржасының мәліметтеріне сәйкес, Солтүстік теңіздегі Brent қоспасының фьючерстері ICE биржасында барреліне 77,91 доллардан саудаланып жатыр, бұл 1,33 пайыздық төмендеу.

Өз кезегінде WTI маркасы одан да бетер - 1,565 пайызға, яғни 74,86 долларға дейін арзандады.

Айта кетейік, мамыр айының соңында мұнай бағасы 100 доллар төңірегінде болған еді, алайда келісімнің жуық арада жасалатыны туралы алғашқы хабарлардан кейін "қара алтын" соңғы айлардағы ең төменгі көрсеткіштерді жаңартып, қарқынды түрде арзандай бастады.

Тек соғысты тоқтату ғана емес, мұнай бағытын ашу да басты назарда

Еске сала кетейік, 17 маусымда АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Онда әскери қимылдарды тоқтату және Ормуз бұғазын бұғаттан шығару туралы тармақтар бар. Қол қою рәсімі бұған дейін жоспарланғандай Женевадағы ресми салтанатсыз, қашықтан өтті.

"Иран мен АҚШ бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге, сондай-ақ бір-бірінің ішкі істеріне араласудан тартынуға міндеттенеді", - делінген келісім мәтінінде.

Құжатта тағы қандай тармақтар жазылғанын мына жерден оқыңыз: осы жерден.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +31
П
Павлодар +28
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +30
Тараз +31
Түркістан +27
О
Орал +32
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер