1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Апта басында теңге әлсіреді

© Амир Абдулхаимов © Амир Абдулхаимов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 2 қазандағы таңғы саудасында 341,27 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 341 теңгемен өтті. Минималдық құны 340,80 теңге болды. Ал максималдық құны 341,54 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 24,750 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 340,2-342,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы 2 қазанда Астана уақытымен сағат 11.07-де Brent маркалы мұнайдың барреліне 56,56 доллар болды.