16 мамыр 2017 10:35

Астанада өмір сүру қымбаттады - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© egemen.kz © egemen.kz

Биыл Қазақстанда жалпылай алғанда инфляцияның өсуі баяулағанымен, Астанада өмір сүру күрт қымбаттап отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мұндай зерттеуді Ranking сараптама қызметі жасаған.


Биыл Қазақстанда жалпылай алғанда инфляцияның өсуі баяулағанымен, Астанада өмір сүру күрт қымбаттап отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мұндай зерттеуді Ranking сараптама қызметі жасаған.

Биыл Қазақстанда былтырғы жылмен салыстырғанда негізгі тұтынушы тауарларының бағасы тұрақты - соңғы екі ай бойы 0,5 пайыз. Салыстырып көрсек, былтыр сәуірде бұл көрсеткіш 0,6 пайыз болған. 

Биылғы қаңтар-сәуір аралығы азық-түлік, өзге тауарлар мен ақылы қызмет құны 7,7 пайызға өскен. Бұл былтырғы бағамен салыстырғанда екі есе төмен - 15,4 пайыз. Дегенмен 2016 жылға дейінгі бағалардан жоғары - 6,7 пайыз. 

Өмір сүру Астанада айтарлықтай қымбаттаған. Биыл Елордада негізгі тауарлар мен қызмет түрлеріне жалпы баға былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,2 пайызға өскен. Соның ішінде азық-түлік пен сусындар 13,2 пайызға өскен. Ақылы қызмет 2,2 пайызға қымбаттаған. 

Ал бағалардың ең баяу өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалады - бір жылда 6,6 пайыз. Аймақта азық-түлік құны 8,3 пайызға өскен. 

Дегенмен Астанада азық-түлік бағасы шарықтағанымен, ақылы қызмет құны өзге өңірлермен салыстырғанда өте баяу өскен. Мәселен, ОҚО мен СҚО-да ақылы қызмет құны бір жылда 7,6 пайызға өскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети