1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Азияның ең бай кәсіпкері әлемдегі миллиардерлердің үздік ондығына кірді

Фото: © Finance.bigmir.net Фото: © Finance.bigmir.net

Reliance Industries компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, үндістандық кәсіпкер Мукеш Амбани Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың ондығына кірді, деп хабарлайды РБК.

Қазіргі таңда оның байлығы 64,6 миллиард долларға бағаланып отыр.

Үндістандық миллиардердің табысы бір күнде 3,9 миллиард долларға өсіп, ол әлемдегі ең бай адамдардың үздік ондығына кірді. 

19 маусымда Reliance Industries компаниясы Jio сервисінің 24,7 пайыз акциясын сатқан. Аталған сервис 4G қызметін қамтамасыз етеді. Келісім - 15,2 миллиард доллар болды. Осыдан соң Reliance Industries акциялары бір күнде 6 пайызға өсті. Ал наурыз айынан бері акциялар 2 есеге өсті.

Амбани - Forbes рейтингісі бойынша әлемдегі ең бай адамдардың үздік ондығына енген Азиядағы жалғыз миллиардер.

Әлемдегі ең бай адамдардың тізімінің көшбасында Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос (байлығы 160 миллиард доллар) тұр. Екінші орында Билл Гейтс (108,6 миллиард доллар), ал үшінші орында Louis Vuitton Moet Hennessy компаниялар тобының президенті Бернар Арно мен оның отбасы (102,8) тұр.

Сондай-ақ, аталған тізімде Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг, Berkshire Hathaway  директорлар кеңесінің төрағасы Уоррен Баффет, Microsoft компаниясының бұрынғы директоры Стив Балмер, Oracle компаниясының тең құрылтайшысы Ларри Эллисон, Inditex негізін қалаушы Амансио Ортега, Google компаниясының тең құрылтайшысы Ларра Пейдж бар.