01 маусым 2016 16:23

Баспана сатып алуға арналған несиелеу соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1ul.ru © 1ul.ru

2016 жылдың алғашқы тоқсанында тұрғын үй сатып алуға арналған несиелеу мөлшері соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Бұл жөнінде Ranking.kz сараптамалық қызметінің мамандары айтты. Олардың мәліметінше, елімізде ипотека нарығын бес банк бақылап отыр.


2016 жылдың алғашқы тоқсанында тұрғын үй сатып алуға арналған несиелеу мөлшері соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Бұл жөнінде Ranking.kz сараптамалық қызметінің мамандары айтты. Олардың мәліметінше, елімізде ипотека нарығын бес банк бақылап отыр.

"Ипотека нарығын қазіргі деңгейде сақтап тұруға ТҮҚЖБ және Халық банкі көмектесіп отыр. Олар ипотекалық несиелер портфелін 2015 жылы 134,5 миллиард теңгеге ұлғайтты. Сонымен қатар, ТҮҚЖБ 2009 жылдан бастап жыл сайын өзіне тиесілі көрсеткішті 33 пайызға арттырып келе жатыр. Қазір ипотека нарығының 33 пайызы тұрғынүйқұрылыс жинағымен бақыланса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 28 пайыз болды", - деді сарапшылар.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ипотека нарығында үш банк: ТҮҚЖБ (31 пайыз), Халық банкі (22 пайыз) және ЦентрКредит банкі (19 пайыз) көш бастап келеді. Бір жыл бұрын Халық банкінің орнында 175 миллиард теңгемен Қазком тұрған болатын, дегенмен 2015 жылы бұл банктің несиелеу мөлшері 14 пайызға қысқарып қалды.

Сонымен қатар, олардың айтуынша, ТҮҚЖБ ипотекалық сегментте негізгі бөлікке ие болып қана қоймай, жыл бойы тұрғын үй қарызы портфелінде де үлкен көрсеткіш - 76 миллиард теңге көрсетті. "Халық банкінің де ипотекалық несие портфелі өсті, дегенмен ТҮҚЖБ-ден 58,5 миллиард теңгеге, яғни 42 пайызға аз. Ал ЦентрКредит банкі берген ипотекалық несие мөлшері бір жылда аз ғана өсті, яғни рэнкинг көсбасшыларының мөлшерінің 2,7 миллиард теңгесін құрады. Яғни, 2014 жылдан 1,7 пайызға өсті", - деді сарапшылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети