07 қараша 2019 10:17

Биыл елімізде электр қуатын өндіру төмендеген - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда электр қуатын өндіру 1,7 пайызға қысқарды және 2019 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 77,7 миллиард кВт·с болды. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 5,4 пайыз өсім болған еді, - деп хабарлайды Energyprom.kz.


Қазақстанда электр қуатын өндіру 1,7 пайызға қысқарды және 2019 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 77,7 миллиард кВт·с болды. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 5,4 пайыз өсім болған еді, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

2019 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында электр қуатын өндіру, беру және таратудан түскен қаражат 794,8 миллиард теңге болған. Өндіріс индексі 104,3 пайыз (бір жыл бұрын 105,3 пайызғ болған еді. 

Жалпы 2018 жылы электр қуатын өндіру - 107,3 млрд кВт·с болған, ал өндіру, беру және таратудан түскен қаражат - 1,2 триллион теңге. 

Электр қуатын ең көп өндірісі - дәстүрлі түрде Павлодар (31,4 млрд кВт·сағ), Қарағанды (11,3 млрд кВт·сағ) және Шығыс Қазақстан (7,2 млрд кВт·сағ) облыстарына келеді.

Баға мәселесі бойынша Павлодар облысында электр энергиясын өндіру, беру және тарату 170,6 миллиард теңгені, Қарағанды облысында - 105,4 миллиард теңгені құрады. Алдыңғы қатарлы өңірлердің үштігін Алматы облысы: 65,3 миллиард теңге болды. 

Электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық операторының (КОРЭМ) деректері бойынша, электр энергиясын өндіру биыл 9 айда 76,7 миллиард кВт·с құрады - 2018 жылдың қаңтар–қыркүйегіне қарағанда 2,7 пайызға кем.

Осыған ұқсас кезеңде электр энергиясын тұтыну, керісінше, бір жыл ішінде 1,6 пайызға, 76,3 миллиард кВт·с. дейін ұлғайды.

Қазақстан өңірлерінің арасында электр энергиясын тұтынудың ең үлкен көлемі Павлодар (14,2 миллиард кВт·сағ) және Қарағанды (13,1 миллиард кВт·сағ) облыстарына, сондай-ақ Алматы облысына (8,1 млрд кВт·сағ) тиесілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети