29 қыркүйек 2014 13:17

Биыл Қазақстанда 17 миллион тонна астық жиналады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Биыл Қазақстанда 17 миллион тонна астық жиналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновке сілтеме жасап.


Биыл Қазақстанда 17 миллион тонна астық жиналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновке сілтеме жасап.

"Біз 17 миллион тоннаға шыққалы отырмыз. Мемлекеттің бидайға деген сұранысы - 6 миллион тоннаға жуық - соны ескергенде бұл өзімізді қамтамасыз етуге және 7 миллион тоннадай экспорттық әлеуетке ие болуға жеткілікті", - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол ауа райы жағдайына байланысты соңғы екі-үш күнде астық жинау жұмыстарының уақытша тоқтатылғанын айтты. "Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны аяқталды. Орақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аяқталуға таяды. Астық беріп жатқан өлкелер, негізінен, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары, бұл өңірлерде орақ науқаны әлі жалғасып жатыр", - деді Хасенов.

Комбайн паркі санын, жанар-жағармай қорын, элеваторлар мен құрғату шаруашылықтарын ескерген кезде астық жинауды әрі кеткенде екі апта ішінде аяқтауға мүмкіндік бар. Хасеновтің айтуынша, биыл өнімділік өткен жылмен салыстырғанда, 1,2 центнерге төмен, бірақ астықтың сапасы жақсы.

"Элеваторға тапсырылған 1,7 миллион тонна астықтың 1,5 миллионы - үшінші класқа сәйкес келетін өнім. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Әрине, ауа райы аздаған қауіп туғызып отыр. Соған қарамастан, бұдан да ауыр жылдардың айта кету керек. Бұл - тосын жағдай емес, сондықтан астықты бастырып, қажет жағдайда кептіре беру қажет", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети