07 маусым 2022 10:51

Биылғы астық жинау науқанына болжам жасалды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен 2022 жылғы егін жинау нәтижесі туралы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен 2022 жылғы егін жинау нәтижесі туралы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты егін орташа жылдық көлемнен төмен болғанын атап өтті.

"Биыл аграршылар егін егуді оңтайлы мерзімде аяқтады, жердегі ылғалды сақтау бойынша жұмыстар да уақытында жүргізілді. Қазгидрометтің маусым айындағы болжамы да қолайлы болып тұр.

Қазіргі уақытта осы факторлардың барлығы астық түсімін орташа жылдық көлем деңгейінде болжауға мүмкіндік береді. Егер бидай туралы айтатын болсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, 13-13,5 миллион тонна деңгейінде жиын болады деп отырмыз", - деп жауап берді Қарашөкеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети