22 қараша 2017 12:48

Бүгіннен бастап көгершіндер бейнеленген жаңа 500 теңгелік банкнота шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев номиналы 500 теңгелік жаңа банкнотаны таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев номиналы 500 теңгелік жаңа банкнотаны таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 қарашадан бастап Қазақстан аумағында дизайны өзгерген номиналы 500 теңгелік жаңа банкнота қолданысқа шығады. Банкнота жоғары номиналды. Банкнотаның бір жағында "Қазақ Елі" монументі мен көгершіндер бейнеленсе, екінші жағында Қазақстан картасының фонындағы Каспий теңізі бейнеленген. Банкнотадағы жазба кириллицада жазылған, себебі оны дайындау жұмыстары 2015 жылы басталып кеткен болатын", - деді Данияр Ақышев.


© Tengrinews.kz

Сондай-ақ, банк төрағасының айтуынша, ескі банкнота 2020 жылдың 20 маусымына дейін қабылдана береді. Бірақ банк өкілдері ол бұдан да ерте қолданыстан шығарылады деп болжап отыр.


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети