30 қыркүйек 2020 13:16

Депутат қазақстандықтардың нашар несие тарихын қалпына келтіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан қазақстандықтардың нашар несие тарихын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан қазақстандықтардың нашар несие тарихын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет бюджет қаражатын жұмсамай, өз азаматтарының несие жүктемесін азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауы қажет деп санаймын.

Банктер мен микрокредиттік ұйымдар үшін бірдей қаржы өнімдері бойынша бірдей реттеу қағидаларын белгілеуді ұсынамын:

Несие тарихын қалпына келтіру және қарыздарын өтеген қарыз алушылар үшін банктердің қара тізімдерін тазарту. Осыдан кейін олар банк несиелерін ала алады. Сосын олар микрокредиттік ұйымдардан, онлайн-компаниялардан және ломбардтардан жоғары пайызбен несие алмайтын болады", - деді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

Сондай-ақ, ол жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды ұсынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети