03 шілде 2018 12:10

Доллар бағамына тәуелді емеспіз - Сүлейменов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның экономикасы доллар бағамына тәуелді емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысынан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның экономикасы доллар бағамына тәуелді емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысынан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер көріп отырсыздар, дедолларландыру бізде сәтті өтті. Әрине, мұның барлығы бір сәтте болып кетуі мүмкін емес. Бірақ біз өзіндік өндірісімізді арттырдық, әсіресе, өндірістік тауарларды. Біз валюта бағамына тәуелді емеспіз", - деді министр.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, халық тауарлардың бағасын көбіне теңгемен есептейтін болған.

Айта кетейік, KASE қор биржасының 3 шілдедегі таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 342,97 теңгеге тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 11.35 -те Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 77,7 доллар болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети