22 мамыр 2014 16:38

ЕЭО-да отандық бизнестің мүддесін ҰКП қорғайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық экономикалық одақ аясында туындайтын дау-дамайларды арнайы сот шешеді. Оған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы жүгінуге болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевқа сілтеме жасап. 


Еуразиялық экономикалық одақ аясында туындайтын дау-дамайларды арнайы сот шешеді. Оған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы жүгінуге болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевқа сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің мүддесін Еуразиялық экономикалық сотта қорғауға мүдделі екендігін жеткізген болатын. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бизнес мәселелерге ерекше мән беріледі. Осыған байланысты қандай да бір даулы мәселеде әрбір мемлекет өз мүддесін барынша қорғауға тырысады. "Ондайда соттың көмегіне жүгінуге тура келеді. Сондықтан бүгінде біздің комиссияға (Еуразиялық экономикалық комиссиясы - авт.) енгізген ұсыныстарымыздың бірі - Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына тікелей Еуразиялық экономикалық сотқа шығып, отандық бизнестің құқығын қорғауға мүмкіндік беру. Себебі кәсіпкерлер, көп жағдайда, ондай сотқа кететін шығындарды көтере алмайды. Біз болсақ, қажетті заңнаманы жинап, соның негізінде тек бөлек өнеркәсіптердің ғана емес, тұтас бір саланың да бизнес құқықтарын қорғай алатын едік. Негізі, ел Үкіметі біздің осы ұсынысымызды қолдап отыр. Енді, оны келісімде (Еуразиялық одақты құру туралы келісім - авт.) де ашық көрсету керек", - деген болатын Астанада өткен баспасөз мәслихаттардың бірінде Р.Ошақбаев. 

Бүгін ол Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартта аталған норманың енгізілгенін мәлімдеді. "Құжат жобасына бизнес өкілдерінің Еуразиялық комиссияның барлық кеңес беру органдарына қатысу нормасы енгізілді. Қазір комиссияда 17 салалық комитет бар. 2015 жылдан бастап оның әрбіреуіне Қазақстанның өкілі кіруге міндетті. Бұдан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар одаққа мүше мемлекеттің атынан Еуразиялық экономикалық сотқа жүгіне алады. Сөйтіп, отандық бизнес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы өз шағымдарын түсіре алады", - деді бүгін Р.Ошақбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети