Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Экономика саласындағы Нобель сыйлығы француз ғалымына берілді

13 Қазан 2014, 17:57
0
Жан Марсель Тироль. ©peoples.ru
Жан Марсель Тироль. ©peoples.ru

Экономика саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы "нарықтық билікті" талдау мен бақылауға арналған ғылыми жұмыс үшін берілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Лауреаттарды марапаттау салтанаты дәстүр бойынша Стокгольмде 10 желтоқсанда - Альфред Нобельдің қайтыс болған күні өтеді. 

Сыйлық француз экономисі Жан Тирольге берілді. РБК-ның хабарлауынша, ол - көптеген ғылыми жұмыстың авторы, Тулуза әлеуметтік ғылымдар университетінің өнеркәсіп экономикасы институтының ғылыми жетекшісі. Нобель комитетінің хабарламасында Тирольдің жұмысы бірнеше ірі компания үстемдік ететін салаларды қалай реттеу керектігін көрсетіп берді. 

Осымен Нобель сыйлығын тағайындау аптасы аяқталды. Жеңімпаздар желтоқсан айында марапатталады. Әр сыйлықтың көлемі - 8 миллион швед кронасы (1 миллион АҚШ доллары). 

Айта кетейік, экономика саласындағы Нобель сыйлығы 1968 жылы тағайындалды, жеңімпаздардың ақшалай сыйақысына Швецияның мемлекеттік банкі жауапты. Нобельдің өзі тек бес жүлде ғана тағайындаған болатын: физиология немесе медицина, физика, химия, әдебиет және бейбітшілікті нығайту. 2013 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығын америкалықтар - Питер Хансен, Юджин Фама және Роберт Шиллер "активтер құнына эмпириялық талдау жасағаны" үшін алған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай