10 қыркүйек 2019 12:27

Елімізде жылдық инфляция 5,5 пайызға дейін өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© forbes.kz © forbes.kz

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 8 айдың нәтижесі бойынша қаржы нарығындағы жағдай тұрақты күйде сақталғанын айтты. Инфляция таргеттелетін 4-6 пайыз дәліз шегінде қалыптасты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 8 айдың нәтижесі бойынша қаржы нарығындағы жағдай тұрақты күйде сақталғанын айтты. Инфляция таргеттелетін 4-6 пайыз дәліз шегінде қалыптасты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тамызда айлық инфляция 0,2 пайыз болды Жылдық инфляция 5,5 пайызға дейін өсті. 

"Азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсеткіш бойынша 9 пайызға өсті және инфляцияға ең көп үлес қосуды жалғастыруда. Жылдық азық-түлік инфляциясының шамамен 60 пайызы азық-түліктің кейбір түрлеріне, яғни - еттің 12,8 пайызға, нан-тоқаш өнімдерінің және жармалардың 12,6 пайызға қымбаттауына байланысты, олардың инфляцияға үлесі 1 пайыздық тармақты құрады. Тауарлардың бұл санаты әлемдік бағалар мен экспорт көлемінің өсу аясында қымбаттады", - деді Ерболат Досаев.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы бір жылда 5,7 пайызға өсті. Ақылы қызметтер бағасының жылдық серпіні тарихи тұрғыдан ең төмен деңгейде қалуда - 0,8 пайыз.

Негізгі проинфляциялық фактор бюджеттен жұмсалатын әлеуметтік шығыстардың өсуі аясындағы елеулі фискалдық шараларға жауап ретінде тұтынушылық сұраныстың ұлғаюы болып табылады. 

"Біз 2019 жылы фискалдық ынталандырудан болатын инфляцияға қосымша үлесті 0,5 пайыздық тармақ мөлшерінде бағалаймыз. Ағымдағы жылдың соңына инфляцияны 5,7-5,8 пайыз деңгейінде күтеміз. Осындай жағдайларда кеше 9 қыркүйекте Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады және пайыздық дәліз +/-1 пайыздық тармақ деңгейінде сақталды", - деді Е. Досаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети