29 қараша 2018 15:28

Елімізде көкөністер айтарлықтай қымбаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sun.az © sun.az

Елімізде қараша айында көкөністер айтарлықтай қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.


Елімізде қараша айында көкөністер айтарлықтай қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, қарашада қияр 43 пайызға, ал қызанақ 38 пайызға қымбаттаған.

Ал арзандаған көкөністердің тізімінде сәбіз, қызылша және картоп тұр."Супермаркеттер мен базарларда қияр бірден 43 пайызға, қызанақ болса 38 пайызға қымбаттаған. Орамжапырақ та 2,5 пайызға қымбаттады. Бірақ сәбіз, керісінше, 3,2 пайызға, қызылша 2,4 пайызға және картоп 0,7 пайызға арзандаған. Ал жеміс-жидектердің ішінде тек апельсин қымбаттаған", - дейді мамандар.

Сондай-ақ, бір айда тауық етінің 3 пайызға және жұмыртқаның 3,2 пайызға қымбаттағаны айтылады.

Ал сусындар қараша айының қорытындысы бойынша орташа есеппен 0,3 пайызға қымбаттаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети