19 қараша 2020 18:55

ХВҚ Қазақстан үкіметі мен ҰБ-ның пандемия салдарымен күрес шараларын жоғары бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS/Yuri Gripas Фото: REUTERS/Yuri Gripas

Халықаралық валюта қоры Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің коронавирус пандемиясының салдарымен күресу аясындағы дағдарысқа қарсы шараларын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық валюта қоры Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің коронавирус пандемиясының салдарымен күресу аясындағы дағдарысқа қарсы шараларын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы экономикалық жағдай, сондай-ақ пандемия салдарын азайту және халық пен бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан саясат бойынша сараптамалық бағалауды ұсынды.

ХВҚ ұлттық экономикадағы нақты сектордың оң динамикасын және тұрақтандырушы рөлін атап өтті.

Айта кетейік, биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,2 пайыз, оның ішінде машина жасауда - 16,5 пайыз, автомобиль жасауда - 53,6 пайыз, тамақ өнімдерін өндіруде - 3,4 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте - 16,4 пайыз, фармацевтикада - 39,7 пайызға тең болды. Құрылыстағы өсу қарқыны - 10,7 пайыз, ауыл шаруашылығында - 5,2 пайызға тең болды.

Осы жылдың қорытындысы бойынша ХВҚ COVID-19 пандемиясына байланысты шектеу шараларынан туындаған көрсетілетін қызметтер саласындағы экономикалық белсенділіктің қысқаруы, сондай-ақ ОПЕК+ аясындағы уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерін орындауынан ҚР ЖІӨ-нің өсу қарқынының 2,7 пайызға дейін баяулауын күтуде.

Сонымен қатар, ХВҚ-ның бұрын жарияланған болжамына (World Economic Outlook, October 2020) сәйкес, 2020 жылы ҚР экономикасының баяулау қарқыны дамыған елдермен салыстырғанда (-5,8 пайыз), сондай-ақ дамушы экономикалармен салыстырғанда (-3,3 пайыз) орташа әлемдік (-4,4 пайыз) деңгейден төмен болады.

ХВҚ миссиясы Үкіметтің пандемия аясында жүзеге асырып жатқан дағдарысқа қарсы шараларына жоғары баға берді.

ХВҚ бұл шаралардың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын, оның ішінде осал үй шаруашылықтары мен бизнеске тікелей көмек көрсету арқылы қамтамасыз етудегі аса маңызды рөлін атап өтті.

ХВҚ сондай-ақ ақша-кредит және қаржы саясаты желісі бойынша, атап айтқанда, инфляциялық таргеттеуге бейілділік мәселесі бойынша ҚР Ұлттық банкінің шешімталдығы мен уақыттылығын жоғары бағалады. Бұл ағымдағы жылдың көктеміндегі оқиғалар сыртқы күйзелістердің амортизаторы ретінде көрсеткен икемді айырбас бағамын қолдауды, сонымен қатар долларландыру деңгейін төмендетуге бағытталған саясатты ілгерілетуді және айырбас бағамының құбылмалылығының инфляцияға әсерін біртіндеп төмендетуге бағытталған реформаларды жүргізуді қамтиды.

ХВҚ сондай-ақ Үкімет әзірлеп жатқан Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары шеңберінде жаңа редакциясында белгіленген құрылымдық реформаларға, оның ішінде ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, өндірмейтін салаларды дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін жетілдіру жөніндегі шараларға қолдау білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети