15 мамыр 2015 14:30

Жыл басынан бері экономикамызда оң үрдістер байқалды - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

© forbes.kz © forbes.kz

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы үшін оң үрдістер байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы үшін оң үрдістер байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, брент сұрыпты мұнай бағасы өсіп, бір баррель үшін 60 доллардан жоғары болып отыр. Инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды, ол сәуірдің қорытындысы бойынша 4,6 пайызға тең (2014 жылғы сәуірде 6,5 пайыз). Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша 5 пайызды көрсетті.

"Осы байқалған оң үрдістерге байланысты Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырып отыр. Қазақстанда инфляциялық таргеттеуді біртіндеп енгізу трансмиссиялық тетіктің пайыздық арнасының рөлін күшейтуді, оның ішінде ақша-кредит саясаты құралдарының тізбесін және олар бойынша кепілмен қамтамасыз етуді кеңейту арқылы жүргізуді көздейді", - делінген банктің хабарламасында.

Айта кетейік, 2015 жылы 8 мамырда Ұлттық банк аталған шараларды іске асыру шеңберінде банктердің теңгедегі өтімділікке қолжетімділігін ұлғайту мақсатында ақша-кредит саясатының құралдары бойынша кепілмен қамтамасыз ету тізбесін кеңейту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру мақсатында ашық нарық – кері РЕПО және валюталық своп операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемелер арасындағы дифференциал ұлғайтылды. Бұл шаралар инфляциялық тәуекелдерді және Қазақстан экономикасының өсу перспективаларын талдау негізінде қабылданды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының мақұлданғаны хабарланған болатын. 2015 жылы 24 сәуірде Ұлттық банк басқармасы ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатын мақұлдады. Бұл құжат Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының тұжырымдамалық тәсілдерін және одан әрі даму бағыттарының қағидаттарын айқындайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети