18 сәуір 2017 11:21

Жыл басынан бері наурыздың соңында теңге 5,9 пайызға нығайды 

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ішкі валюта нарығы тұрақты болып қалып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкіметтің отырысында "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттің атқарылуының нәтижелері туралы" баяндамасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ-ың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ішкі валюта нарығы тұрақты болып қалып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкіметтің отырысында "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттің атқарылуының нәтижелері туралы" баяндамасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ-ың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Наурыздың соңында теңгенің биржалық бағамы, жылдың басынан бері  5,9 пайызға  нығайып, бір АҚШ доллары үшін 313,73 теңге болды", - деп хабарлады қаржы реттеушісінің басшысы.

Данияр Ақышев сонымен қатар, Ұлттық Банк үнемі экономиканың бәсеке қабілеттілігіне мониторингті жүзеге асырады, нақты тиімді айырбастау бағамы оның негізгі көрсеткіші болып табылады деп атап көрсетті. "2017 жылғы ақпанда теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамының сауда әріптестері елдерінің валюталарына қатысы бойынша деңгейі базалық кезеңнен 17,8 пайызға төмен болды, ТМД елдерінің валюталарына қатысты - 11,6 пайызға төмен, қалған елдердің  валюталарына қатысты - 20,1 пайызға төмен болды. Отандық өндірушілердің жақын шет елдерге, сондай-ақ қалған елдерге қатысты бәсекеге қабілеттілігі сақталды", - деп атап өтті ол.

Ақышевтің айтуынша, базалық мөлшерлеме Қазақстан Республикасындағы ақша құнының негізгі индикаторы болды, ал инфляцияның тұрақтануы Ұлттық Банкке базалық мөлшерлемені 21 ақпаннан бастап 12 пайыздан 11 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Ақышев сондай-ақ Ұлттық Банктің өтімділікті алу құралдары бойынша, атап айтқанда қысқа мерзімді ноттар бойынша  кірістілігінің  төмендегінін атап  өтті. Қаржы  реттеушісінің басшысы: "Ноттарды 7 күндік айналыс мерзімімен орналастыру бойынша соңғы аукционның кірістілігі 10,45 пайызды құрады, жылдық ноттар 9,65 пайызбен орналастырылуда. Осылайша, ноттар енді банктер үшін жоғары кірістілік әкелмейді, бұл экономиканы кредиттеу үшін жағдай жасайды", - деп тұжырымдады. 

Ол Ұлттық Банктің деректерін келтірді, осыған сәйкес наурыздың соңында  ноттардың көлемі 3,2 триллион теңгеге жетті. "Бейрезиденттердің үлесі, бағалау бойынша, айналыстағы ноттардың жалпы көлемінің 6 пайызы немесе 190 миллиард теңге. Іс жүзінде барлық алынатын өтімділік Қазақстанда қалыптастырылады. Бұл жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатының дұрыс екенін білдіреді", - деп атап өтті Ақышев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети