13 шілде 2022 12:22

"Қалыпты жағдай". Теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3 пайызға әлсіреді. Нарықтағы мұндай өзгерістерге сыртқы факторлармен қатар ішкі факторлар да себепші болған. Бірінші кезекте, АҚШ доллары позициясының күшейгенін атап өткен жөн, деді маман.

"Ішкі факторлар арасында – дивидендтер төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеуге сатудың қысқаруына байланысты валюта ұсынысының төмендеуі.

Квазимемлекеттік сектор компанияларының шамамен 480,4 миллион АҚШ долларын құраған валюталық түсімін сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату ұсыныс жағынан валюта нарығына қолдау көрсетті", - деді Әлия Молдабекова.

Маусым ішінде Ұлттық банк ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялар жүргізбеді, нарық сентименті мен құбылмалы болуы нарық жағдайына сәйкес келген.

"Айырбастау бағамының өзгермелі режимінде теңге үшін құбылмалылықтың болуы қалыпты жағдай екенін атап өткім келеді", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,12 теңгеге өсіп, 473,38 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 12 шілдедегі ресми бағамы 464,85 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети