22 қараша 2022 13:05

Қаржы министрі теңге бағамы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңге бағамына қатысты күрт өзгерістер күтілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңге бағамына қатысты күрт өзгерістер күтілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің басшысынан Мәскеу биржасында ең жоғары деңгейге жеткен қазақстандық теңгенің сауда-саттық көлемі валюта бағамына қалай әсер ететіні сұралды.

"Бізде теңге бағамына әсер ететін факторлар өте көп. Сондықтан, факторлардың бірі сол рубль бағамы болуы мүмкін. Бірақ сіздер де қадағалап отырсыздар ғой, қазір теңге бағамының күрт өзгеруі күтілмейді. Оның үстіне, соңғы уақытта теңге доллар мен рубльге қатысты керісінше нығайғанын байқап отырмыз", - деді Жамаубаев журналистер сұрағына жауап беріп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети