Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО-да доллар мен евродан бас тарту туралы мәлімдемеге түсінік берді

02 Желтоқсан 2014, 15:13
0
©cont.ws
©cont.ws

Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының өкілдері Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының вице-президенті Александр Мурычевтің ЕАЭО аумағында доллар мен евро бойынша еларалық операцияларға тыйым енгізудің қажеттілігі туралы мәлімдемесіне түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ұлттық палата Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта ЕАЭО-ға мүше елдер резиденттері арасында шетел валютасымен өзара есеп айырысудан бас тарту қарастырылмағанын хабарлайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, қазіргі уақытта мұндай құжатты жасау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. ЕАЭО шеңберінде келісілген валюта саясаты сыртқы сауда және инвестициялық операцияларды ұлттық валютаның ролін арттыруды және ұлттық валюталарға деген сенімді қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық саясат жүргізуді қарастырады", - делінген кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының хабарламасында. 

Палата өкілдерінің пікірінше, сыртқы сауда операцияларын жүргізуде валютаны таңдау - кәсіпкерлік субъектісінің құқығы. "Ұлттық палата ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің сыртқы сауда операцияларында ұлттық валюталар ролін арттыру тыйымдар мен шектеулер енгізуге емес, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына ынталандыру пакетін жасауға негізделуі тиіс екеніне сенімді", - дейді палата өкілдері. 

Кәсіпкерлер палатасы доллар мен евродан бас тарту туралы мәлімдеме Александр Мурычевтің жеке пікірі екенін айтып, кәсіпкерлерге ресми оырндардан шыққан ақпараттарға сүйенуді ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің "Известия" басылымында "Еуразиялық экономикалық одақ доллар мен евродан бас тартуы мүмкін" деген тақырыбы бар мақала жарияланған еді. Онда ЕАЭО аумағындағы төлем жүйелерін дамыту тұжырымдамасы туралы айтылады. Мақалада Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының вице-президенті Александр Мурычев ЕАЭО аумағында доллар мен евро түріндегі еларалық операцияларға тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдейді. 

Мурычевтің айтуынша, бұл тұжырым ұйымға мүше елдер кеңістігінде ортақ төлем жүйесі инфрақұрылымын жасауды қарастырады, бұл ұлттық карточкалар жүйесі сәйкестігін, соның ішінде, Ресейдің төлем карточкалары ұлттық жүйесін, "Белкарт" жүйесін (Беларусь) және Armenian Card жүйесін ескере отырып, төлем жасауға мүмкіндік береді. Құжатта ЕАЭО аумағында доллар мен евро айналымынан бас тарту да ұсынылған.

"ЕАЭО аумағында бірыңғай төлем жүйесін жасау мультивалюта операциялары жүйесін енгізуге немесе бірыңғай валютаның төлем кеңістігіне жылдам ауысуға әкеліп соғады. Ұйымға мүше елдердің ұлттық банкілері алдына мемлекетаралық төлем айналымынан АҚШ доллары мен евроны алып тастау мәселесін де қою керек", - деді Мурычев. Оның айтуынша, ұлттық валютамен (Ресей рублі, белорус рублі, теңге және драм) есеп айырысуға 2025-2030 жылдарға қарай көшуіміз мүмкін.

Мурычев доллар мен евродан бас тартқаннан кейінгі қадам ЕАЭО аумағында бірыңғай ұлттық валюта енгізу болуы мүмкін екенін айтты. Ол Еуроодақ ондаған жыл бойы және евро соның барысында 15 жыл ішінде құрылғанын еске салады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай