03 желтоқсан 2014 19:55

Қазақстан 2030 жылға қарай газ өндірісін ұлғайтпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kurs.ru сайтынан алынды Фото kurs.ru сайтынан алынды

2030 жылға қарай Қазақстан газ өндірісін айтарлықтай ұлғайтпақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Астанада Президент жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.


2030 жылға қарай Қазақстан газ өндірісін айтарлықтай ұлғайтпақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Астанада Президент жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

"Бүгінде біз жылына шамамен 5-7 миллиард текше метр газды экспортқа шығарып отырмыз. Және бұл аса көп те емес. Ішкі сұраныстың артуына байланысты шетке шығарылатын газ көлемі жыл өткен сайын азайып бара жатқаны тағы бар.  Оған газды пайдаланушы аймақтар мен елді мекендер санының артуы әсер етіп отыр. Алайда 2030 жылға қарай өндірілгелі отырған газдың көлемі 30-40 миллиард текше метрге дейін жететін болады. Сол уақытта біздің еліміз ірі көлемде газды экспорттаушы елдер қатарына қосылады", - деп атап өтті Ұзақбай Қарабалин.

Қарабалин құрамында қоспасы бар газды өндіру жобасы қымбатқа түсетін болса, оны тек экспортқа шығарудан басқа жол қалмайтынын айтты. "Біз нақты бірде бір кен орнын (құрамында қоспасы бар газ) тапқан жоқпыз, бұл тек болжам ғана, әзірге біз Америка және басқа да елдерде болып жатқан жағдайларды бақылап отырмыз. Сондықтан нақты болжам айту қиын", - деді ол.

Вице-министр сондай-ақ, Қазақстанда газдың нақ осы түрін өндіруге белсенділіктің не себепті төмен екенін де түсіндіріп берді. "Құрамында қоспасы бар газды өндіруге судың мол қоры қажет. Бұл бірінші. Екінші, гидроайыру пластына, түрлі химикаттарды қолдану арқылы жаңа кен орындарын бұрғылауға, одан бөлек мұнай шикізаттын өндіру жер астындағы ауызсуға әсер етуі де мүмкін. Нақтырақ айтқанда, жер асты суы ластанса онда экологияға зиян келуі мүмкін. Сол себепті әлемнің көптеген елдерінде құрамында түрлі қоспалары бар газды өндіруге тыйым салған", - деді Қарабалин. Ал бұл сала бойынша нақты жұмыстар басталып жатса, онда оған тек тәжірибелі мамандар ғана тартылатынын айтты.

Энергетика министрінің бірінші орынбасары атап өткеніндей бүгінде кен орындарын игеруге қаржы бөлініп қойылған. "Біздің қолымызда ел аумағын газдандырудың негізгі кестесі де бар. 2025-2030 жылға қарай елімізде газға деген сұраныс артпақ, бұл шамамен 18-20 миллиард текше метрді құрайды. Осылайша, Қазақстан өз өзін толықтай газбен қамтамасыз етуші елдер қатарына кіретін болады. Құрамында қоспасы бар газға қатысты жағдай барлығына белгілі. Мәселен, АҚШ-та газдың нақ осы түрі көптеп өндіріледі. Неге десеңіз бұл зор байлық болып есептеледі. Ал егер ондай шикізаттың қоры көптеп табылып жатса оны жарататын жерді табу қиын емес", - деген Ұзақбай Қарабалин бүгінде әлем бойынша газға деген сұраныс Кеңес Үкіметі кезіндегіге қарағанда әлдеқайда артып отырғанын тілге тиек етті.

Еске саламыз, өткен аптада Астанада өткен Энергетикалық хартия жөніндегі конвенцияның 25-сессиясында премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда құрамында қоспасы бар газды өндіру ісі жоспарланып отырғанын айтқан болатын. "Қазақстан соңғы жылдары энергоресурстарды экспорттау бойынша әлемде алдыңғы қатарға шығып отыр. Алдағы жылдары энергоресурстарды өндіру бойынша ондыққа кіруден де кетәрі емес. Әрине оның ішінде газ да бар. Біз сондай-ақ құрамында қоспасы бар газды кен орындарын табуды да жоспарлап отырмыз", - деді вице-министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети