04 наурыз 2016 17:34

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен бері елімізге 3 мың тоннадан аса көлемде тауар жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Nb.kz © Nb.kz

ҚР ДСҰ-ға мүше болғаннан бері елімізге сомасы 7,4 миллиард теңге болатын 3101,7 тонна тауар жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз туры кезінде Алматы МКД жетекшісінің орынбасары Жайдар Інкербаев айтып берді.


ҚР ДСҰ-ға мүше болғаннан бері елімізге сомасы 7,4 миллиард теңге болатын 3101,7 тонна тауар жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз туры кезінде Алматы МКД жетекшісінің орынбасары Жайдар Інкербаев айтып берді.

Жайдар Інкербаев қазір республикаға тауарлардың ДСҰ мөлшерлемесі және Бірыңғай кедендік тариф бойынша әкелініп жатқанын айтты. ДСҰ мөлшерлемесі бойынша әкелінген тауарды ЕАЭО-ның басқа елдеріне апаруға тыйым салынған. Осындай оқиғалармен күресу мақсатында бірқатар шара қолданылып жатыр.

ДСҰ мөлшерлемесі бойынша тауар әкелетін 136 қатысушының ішінде 63-і хронометраж тексеру тағайындау туралы шешім қабылдаған. Тауар тасымалының қозғалысын бақылау мақсатында электрондық шот-фактура да енгізіліпті. Қазіргі кезде бұл жүйені 2272 қатысушы пайдаланады екен. Елге кіргізілген тауарларды бақылайтын мобильдік топтар да бар.

Сонымен қатар, баспасөз туры кезінде салықшылар бюджетке түскен қаражат жөнінде айта кетті. 2015 жылы Алматы республикаға түскен жалпы кірістің 26,3 пайызын, яғни 1535,6 миллиард теңгені қамтамасыз еткен.

Ұйымдастыру жолы арқылы бюджетке қосымша 119,8 миллиард теңге кіріс әкелінген. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарының арқасында 3,5 мыңға жуық адам салыққа кезекке тұрды. 4 мыңнан аса касса апараттары тіркеуге алынған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети