Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясы жөнінен көмектеседі

07 Қараша 2014, 15:25
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Қырғызстанға электр қуаты жөнінен көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. 

"Біз бауырлас қырғыз халқын қолдап келдік және қолдайтын боламыз, сондықтан Қырғызстан президентінің өтініші бойынша біз 400 миллион киловатт электр энергиясын жеткіземіз (осы жылы болуы керек - Авт.) және келесі жылы 1,4 миллиард киловатт-сағат қазақстандық энергияны береміз. Техникалық шығындарға қарамастан, біз бұл мәселені шешіп жатырмыз", - деді Назарбаев өзінің қырғыз әріптесімен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ-қа арналған брифингте.

"Өз кезегінде қырғыз достар Қазақстанды вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартты орындауға сендірді, біз үшін мұның принципті маңызы бар", - деді Қазақстан Президенті. 

Оның айтуынша, Қазақстан Қырғызстанның тұрақты әрі бекем түрде дамуына мүдделі. 

"Менің ойымша, халық тұрақсыздықтың қиындығынан шаршады және мен сіздердің елдің соңғы жылдары байсалды дамып жатқанын қуанышпен бақылаймын", - деді Назарбаев Алмазбек Атамбаевқа.

Айта кетейік, Назарбаевтың электр энергиясы жөнінен көмектесу туралы шешіміне Қырғызстан президенті толқып, қазақстандық әріптесіне көп уақыт бойы алғыс білдірді. Айта кетейік, Атамбаев Қазақстан Президентін ағай деп атауды жақсы көреді.

"Жасырмаймын, Қырғызстан үшін қазір ең басты проблемалардың бірі - электр энергетикасы мәселесі. Бізде өте қатты су тапшылығы болды, мұндай жағдай 5 жылда бір болып тұрады. Және біздің бұрынғы энергетика министрі мен үкіметтің өзге де мүшелері Қырғызстанда веерлік өшіріп тұруды енгіземіз деп ұйғарған. Құдайға шүкір, Президенттеріңіздің арқасында сіздео Қазақстанда мұның не екенін білмейсіздер. Бізде мұндай жағдай 2008, 2009, 2010 жылдары болды, жарық өшіп қалып, адамдар жарықсыз отырады, суықта, ешбір қолайлы жағдай жоқ, оның ішінде, тіпті теледидар да, интернет те жоқ. Әрине, мен веерлік өшіруге қарсы болдым, мен біздің ағайымыз бар деп айтамын, меніңше, Нұрсұлтан Назарбаев қолдайды. Шын мәнінде біз қазір электр энергиясын жеткізу туралы сол шешімдердің біріне қол қойдық, құдайға шүкір, енді біздің Қырғызстанда жарық өшпейді", - деді Атамбаев. Ол Қырғызстанның энергентикалық тәуелсіздікке жетуіне 1-1,5 жыл қалғанын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай