05 маусым 2018 16:31

Қазақстан маусымда Ресейден бензин әкелуге тыйым салуы мүмкін - Бозымбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан маусым айында мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тауарбастылығына жол бермеу үшін үш айға Ресейден бензин әкелуге тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда мүнай өнімінің көлемі қажетті нормадан бір жарым есеге көп.

"Бүгінде біздің қорымызда 330 мың тонна бензин бар, ал бізге шамамен 200 мың тонна керек. Бұл бізге жетеді. Осы қалыппен жүре берсек, қыркүйек-қазан айында бізде 500 немесе 600 мың тонна бензин болады. Сол себепті біз екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі - импортты азайту, ал екінші экспорт мәселесі", - деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, министр бензиннің Орта Азия елдеріне экспортталуы мүмкін екенін айтты.

Мұнымен қоса, Бозымбаев бұйрықтың халықпен талқыланған соң ғана қабылданатынын айтты. "Ешкім қарсылық танытпаса, маусым айында осы бұйрықты қабылдаймыз деп ойлаймын", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети