10 наурыз 2022 10:20

Қазақстанда аграршыларға арналған дизель отынының бағасы аталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынының бағасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынының бағасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ететін негізгі ресурс иелерімен консультациялар өткізді. Оның қорытындысы бойынша 2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының бағасы тоннасына 212 мың теңге немесе литріне 176 теңге болады", - деді Ақшолақов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жеткізу мен сақтау құнын ескере отырып, болжамды баға шекті бекітілген бөлшек сауда бағасынан орташа алғанда 15-30 пайызға арзан болады.

Министр МӨЗ-ден аграрларға арналған дизель отынын жөнелту басым түрде жүзеге асырылып жатқанына сендірді.

Дизель отынына деген қажеттілік 400,26 мың тонна деңгейінде бекітілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети