08 қараша 2019 13:02

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

© unsplash.com © unsplash.com

Қазақстанда бірнеше азық-түлік түрі - жарма, ұн, нан, жұмыртқа, ет, сүт, көкөніс пен жеміс жидек қымбаттаған, - деп хабарлайды Energyprom.kz порталы. 


Қазақстанда бірнеше азық-түлік түрі - жарма, ұн, нан, жұмыртқа, ет, сүт, көкөніс пен жеміс жидек қымбаттаған, - деп хабарлайды Energyprom.kz порталы. 

Портал аналитиктері қарашаға қарай маусымдық көкөністер қымбаттағанын айтқан. Қызанақ бір айда 12,8 пайызға, қияр 11 пайызға, сарымсақ 7,7 пайызға қымбаттаған. Ал пияз, сәбіз және қырыққабат керісінше арзандаған. 

Әдетте қыс мезгілінде бағасы өсетін апельсин (бір айда 7,6 пайызға), лимон (бір айда 1,3 пайызға) және банан (бір айда 2,6 пайызға) да қымбаттап кеткен. 

Ұн және жарма өнімдерінде де айтарлықтай баға өсуі байқалған: қарақұмық жармасы бірден 8,6 пайызға өссе, бірінші сорт ұны 4 пайызға, ал жоғары сұрып ұны 2 пайызға өскен. Тары 1,9 пайызға, арпа және ұнтақ жармасы 1,5 және 1,2 пайызға қымбаттаған. 

Ұнмен қоса нан да қымбаттаған. Бірінші сұрыптағы ұннан жасалған бидай наны бірден 3,2 пайызға, қара бидай мен бидай ұны 2,1 пайызға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 1,4 пайызға қымбаттады.

Құс фабрикаларының өнімдерінен жұмыртқа (3,1 пайызға) және тауық (1,4 пайызға) бір айда айтарлықтай өскен. Сүт өнімдерінен шикі сүт (3 пайызға), ал пастерленген сүт (1,4 пайызға) қымбаттады. Сары майдың бағасы да 2,5 пайызға өскен. Сиыр етінің бағасы бірден 2,2 пайызға қымбаттаған, сәйкесінше шошқа мен қой еті де 1,3 және 1,2 пайызға қымбаттаған. 

Азық-түлік өнімдері мен сусын сегментінде қазанда бағаның қымбаттауы байқалмаған. Керісінше, қант бағасы бірден 4,7 пайызға арзандаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети