20 ақпан 2020 11:19

Қазақстанда ет қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Қазақстанда сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттады. Еттің бағасы туралы Energyprom.kz порталының сарапшылары айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттады. Еттің бағасы туралы Energyprom.kz порталының сарапшылары айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мамандардың сөзінше, қаңтарда жылдық инфляцияның деңгейі 5,6 пайыз болып, азық-түлік тауарлары 9,2 пайызға қымбаттаған. Ал ет өнімдерінің бағасы 13 пайызға қымбаттап, ет пен құс етінің бағасы 14,7 пайызға өскен. 

Одан бөлек, 16,5 пайызға сиыр еті, қой еті - 16,2 пайызға, жылқы еті 14,5 пайызға қымбаттаған. 

Жалпы ет өндірісі өскен: қаңтарда Қазақстан 21,1 миллиард теңгеге ет және ет өнімдерін өндіріліп, қайта өңдеуден өтіп, консервацияланған. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, инфляцияның өсуі 0,7 пайыз болған. Жалпы, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 269 миллиард теңгенің ет және ет өнімдері өндірілді, нақты өсім 8,1 пайыз болған.

Былтыр 156 мың бас ірі қара мал шығарылған. Оның 121,6 мыңы (78 пайыз) Өзбекстанға жеткізілген. Одан бөлек, елден 264 мыңға жуық қой экспортталды, олардың жартысынан көбісі асыл тұқымды мал. Ұсақ малдың негізгі сатып алушысы - Өзбекстан: 200 мыңнан аса қой (76 пайыз). Ресейге 21,5 мың бас экспортталған (8,1 пайыз), Әзірбайжан - 18 мың (6,7 пайыз), Иран - шамамен 12 мың (4,5 пайыз).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети