29 наурыз 2022 11:34

Қазақстанда кеңсе қағазы тапшылығы болмайды - министр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кеңсе қағазы қымбаттауына қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда тапшылық болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кеңсе қағазы қымбаттауына қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда тапшылық болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда тапшылық болмайды деп ойлаймын. (...) Қазір қағаз әкеліп жатырмыз, басты жеткізуші ел - Ресей. Оған 61 пайыз тиесілі, содан кейін Түркия мен Қытай. Қажет болса, біздің бизнес-құрылымдарымыз тез бағдарланады деп ойлаймын. Кедергілер туындаса, қағазды жеткізу үшін балама бағыттар жеткілікті. Қағаз кесетін өндіріс бар, яғни орама қағаз шығады, мұндай екі зауыт бар. Шикізатты осы елдерден әкелеміз", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Журналистер дүкендерде қағаз бағасы өсіп жатқанын атап өтті.

"Арнайы органдар бар, олар тексереді. Баға өзгереді, неге екенін білмеймін. Тапсырмам бойынша кеше ғана кірдік (кеңсе тауарлары дүкендеріне. - ескерт.). Біреулер 3 мың теңгеден сатса, басқа дүкендер 5-6 мың теңгеден сатады. Тиісті органдар қайта тексеретін шығар", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети