30 наурыз 2022 09:10

Қазақстанда ірі техника дүкендері баға бойынша сөз байласты деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

"Мечта Маркет" сауда желісіне монополияға қарсы реттеу саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша хабарлама берілді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Мечта Маркет" сауда желісіне монополияға қарсы реттеу саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша хабарлама берілді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрмыстық техниканы сату бойынша тауар нарығын талдау аясында "Мечта Маркет" ЖШС, сондай-ақ бәсекелес Arena S ЖШС мен Technodom Operator АҚ-та тауарларды сату бағасы бірдей екені анықталды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 20 қыркүйекке дейінгі кезеңде Өскемен қаласында тоңазытқыштарды сату нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау алынды, оның қорытындысы бойынша Аrena S ЖСШ, Technodom Operator АҚ, "Мечта Маркет" ЖШС әрекетінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды", - деді ведомство өкілдері.

Бұл ретте, ведомство мәліметінше, өнім нарығындағы серіктестіктердің жалпы үлесі 35 пайыздан асады, ал әрбір субъектінің үлесі бес пайыздан асады.

"Бағаны ұстап тұру нәтижесінде келісілген іс-әрекетке қатысушылар сатып алушыларға экономикалық орынсыз жағдай жасау мақсатында өзара бәсекелестікті жойды, осылайша, әрқайсы сату көлемінің төмендеу қаупінен сақтанды, бұл олардың мүддесіне сәйкес келеді", - деп түсіндірді департаменттегілер.

ЖШС-лардың бәрінде тауарлардың бар-жоғы, бағалар, жеңілдіктер мен акциялар туралы хабардар ететін жеке интернет-дүкені бары айтылған.

"Ұйымдардың тәуелсіз қаржылық-шаруашылық қызметіне қарамастан, тауарларды сату бағасы бірдей, бұл бағаны көтеру және ұстап тұру бойынша бағалық сөз байласуды куәландырады.

Осы субъектілердің әрекеті тауарларды өткізу бағасын белгілеу мен ұстап тұруда келісілген әрекеттер ретінде сипатталады", - деді ведомство өкілдері.

"Мечта Маркет" ЖШС Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгендіктен, оны тексерумен аумақтық департамент айналысқан.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Мечта Маркет" ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажет екені туралы хабарлама енгізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети