13 мамыр 2014 18:50

Қазақстандағы кейбір пайдалы қазбалар қоры 500 жылға жетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

  vk.com vk.com

Қазақстандағы көмір мен темір қоры 300-500 жылға жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін Қазақстан Үкіметі геологиялық бақылау жұмыстарының 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. 


Қазақстандағы көмір мен темір қоры 300-500 жылға жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін Қазақстан Үкіметі геологиялық бақылау жұмыстарының 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. 

"Еліміздегі кейбір пайдалы қазбалардың қоры жеткілікті. Темір, көмір секілді пайдалы қазбалар қоры кемінде 300 жылға жетеді. Яғни, Қазақстан қазіргі таңда осы пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілген", - деді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев Президент қарамағындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. 

Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі пайдалы қазбалардың осындай қорымен алдағы уақытта Қазақстан негізгі ресурсты сол қорды пайдалануға жұмсауы керек. "Біз осы бағдарламада алтын, мыс секілді сирек кездесетін металдарды іздеуге баса назар аударып отырмыз", - деді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

Ресми деректерге сүйенсек, геология саласын қаржыландыру жылдан жылға қарқын алып келеді. 2019 жылға дейін Үкімет бекіткен бағдарламада аталған саланы республика бюджетінен 119 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылып отыр. Ірі жеке және ұлттық компаниялардың инвестициялары 900 миллиард теңгені құрайды.

Геологиялық бақылаудың жаңа бағдарламасы еліміздің аумағын зерттеуге, минералдық-шикізат базасын толықтыра түсуге, жаңа кен орындарын ашуға, геологиялық сандық ақпараттарды анықтауға, қауіпті мұнай-газ ұңғымаларын жөндеуге бағытталған.

Айта кету керек, аталған бағдарлама аясында моноқалалар маңындағы аудандардағы геологиялық жұмыстар белсенді түрде жүрмек. Жезқазған өңірінде қазіргі таңда 130 мың шаршы метрді алып жатқан аумақтың геохимиялық картасы жасалуда. Геологиялық бақылау жұмыстары Жезқазған, Сәтбаев және Қарағанды облысындағы Ұлытау  ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети