18 қаңтар 2022 11:06

Қазақстандықтар азық-түлік дүкендеріндегі қымбатшылыққа шағымданады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин қазақстандықтар дүкендерде өнімдер бағасы көтеріліп кеткеніне шағымданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин қазақстандықтар дүкендерде өнімдер бағасы көтеріліп кеткеніне шағымданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бәсекелестікке қарсы келісілген әрекет және жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша сегіз тергеу жүргізіліп жатыр: жұмыртқа өндірушілерге қатысты алты тергеу, қантқа қатысты бір тергеу, тауық етіне қатысты бір тергеу.

"Тауарлар мен қызметтердің қымбаттау дерегін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламалар алу үшін сенім телефоны құрылды. Бүгінде агенттіктің сенім телефонына 2 мыңнан аса өтінім түсті, оның 50 пайызға жуығы Алматы қаласы тұрғындарынан, 30 пайызы Нұр-Сұлтан тұрғындарынан, 20 пайызы басқа өңір тұрғындарынан. Сонымен қатар, 70 пайызы әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын көтеру дерегіне байланысты.

Көп жағдайда тауарлар бағасын бөлшек саудада 15 пайыздық сауда үстемесіне сай келмейтіндей шарықтатып жібереді", - деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Монополияға қарсы орган шағымдар бойынша өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайтынын хабарлады.

"Үйлер маңындағы бөлшек сауда дүкендеріндегі бағаның көтерілуіне қатысты шағымдар жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Өзге де шағымдар - уәкілетті органдар құзыретіне жатады. Осыған байланысты "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес ЖАО тарапынан сауданы бақылау-қадағалау функцияларын күшейту қажет", - деп қорытындылады Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети