03 қазан 2016 08:55

Қазақстандықтар көлікті кредитке белсенді түрде ала бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© business-vector.info © business-vector.info

Қазақстандықтар көлікті кредитке жиі ала баcтады. 2016 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген жеңіл көліктердің саны - 3 957,8 мың, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 10 пайызға көп. Бұл мәліметтерді Ranking.kz сарапшылары келтіріп отыр. 


Қазақстандықтар көлікті кредитке жиі ала баcтады. 2016 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген жеңіл көліктердің саны - 3 957,8 мың, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 10 пайызға көп. Бұл мәліметтерді Ranking.kz сарапшылары келтіріп отыр. 

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде тіркелген көліктердің саны 6 134,0 мың дана, оның ішінде есептен шығарылғандары - 2 276,0 мың, ал есепке қойылғандары - 3 858,0 мың дана. 

2016 жылдың қаңтар-шілде аралығында 355,8 мың дана жеңіл көлік тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 10,2 пайызға көп. Шілде айының өзінде тіркеуге қойылған автомобильдердің өсімі 2,2 пайызға тең болды. 

Тіркелген көліктер жөнінен рейтингте 12 пайызды алған үш бірдей облыс көш бастап тұр. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы - 473,5 мың дана, Алматы облысы - 467,7 мың дана және Алматы қаласы 464, 6 мың дана.

2016 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанда орташа алғанда 100 адамға 22 автомобильден келеді екен. Ал көлікке деген осындай сұраныстың өсуіне несиелеуге түрлі жағдайлар жасап отырған банктер себеп. Мәселен, үшінші тоқсанда сегіз банк берген автокредиттердің көлемі - 315,5 миллиард теңге, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға көп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети