Қазақстанның бірқатар аймағында көкөніс қымбаттады

08 Мамыр 2015, 17:50
0
Қазақстанның бірқатар аймағында көкөніс қымбаттады - © pavlodarnews.kz
© pavlodarnews.kz

Қазақстанның бірқатар аймағында көкөніс қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазагромаркетинг" АҚ мамандары азық-түліктің негізгі түрлерінің 28 сәуір мен 5 мамыр аралығындағы бағаларына мониторинг жүргізді.

Мамандардың мәліметінше, жүргізілген мониторинг жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің қымбаттағанын анықтады. Мысалы, Өскеменде пияз 11 пайызға қымбаттап, әр келінің бағасы 153-тен 170 теңгеге артқан. Мамандар қымбаттауға сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен сатылым алдындағы сақтау шығындарының ұлғаюы себеп болды деп отыр.

Ал Алматыда картоп 11 пайызға қымбаттады. Бұрын әр келісі 123-тен сатылған өнім қазір 137 теңгеден сатылып жатыр. Мамандардың сөзіне қарағанда, сатылымда қымбат импорттық өнімнің пайда болуы картоп бағасының қымбаттауына әсер еткен. Сонымен қатар, Өскеменде қырыққабат пен сәбіз қымбаттады. 15 пайызға қымбаттаған қырыққабаттың әр келісі бұл өңірде бұрынғыдай 150 теңгеден емес, 173 теңгеден сатылуда. Ал сәбіз 13 пайызға қымбаттап, баға 133-тен 150 теңгеге көтерілді.

Айта кетейік, көкөністерден бөлек Астанада мандариндердің 12 пайызға қымбаттағаны анықталып отыр, әр келінің бағасы 404-тен 452 теңгеге өзгерді. Мониторинг жүргізгендердің айтуынша, баға көрсеткіштерінің өсіміне бағаларды тіркеу күні сатылымда қымбат Марокко мандариндері үлесінің басым болуы себеп болды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай