Қазақстанның бірқатар аймағында көкөніс пен жеміс-жидек қымбаттады

13 Наурыз 2015, 13:29
0
Қазақстанның бірқатар аймағында көкөніс пен жеміс-жидек қымбаттады - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірқатар аймағында көкөніс пен жеміс-жидек қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазагромаркетинг" АҚ мамандары азық-түліктің негізгі түрлерінің 3-10 наурыз аралығындағы бағаларына мониторинг жүргізді.

Мамандардың мәліметінше, 3-10 наурыз аралығында Шымкентте қызанақ 14 пайызға қымбаттап, баға 350-ден 400 теңгеге, ал Астанада 12 пайызға қымбаттап, 542-ден 606 теңгеге көтерілді. Мамандар өнім бағасының өсуіне сатылымда қымбат импортты өнім мөлшерінің артуы мен көтерме сауда бағаларының қымбаттауы себеп болғанын айтып отыр. Бұл екі қалада азық-түліктің бұдан өзге түрлері де қымбаттаған.

"Шымкентте жүзімнің бағасы 20 пайызға артып, баға 500-ден 600 теңгеге көтерілді. Қымбаттауға сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы себеп болды, көтерме сауда бағасы 450 теңге деңгейінде сақталып қалды. Ал Астанада жүзім 17 пайызға қымбаттады, баға 600-ден 701 теңгеге көтерілді. Өнім бағасының жоғарылауына сатылымда қымбатырақ импортты сұрыптардың артуы мен көтерме сауда бағаларының 10 пайызға көтерілуі себеп болды. Шымкентте жеткізушілер көтерме сауда бағасын 25 пайызға жоғарылатқандықтан, қиярдың бағасы 29 пайызға көтеріліп, баға 350-ден 450 теңгеге артты. Ал Астанада сәбіз 11 пайызға қымбаттады. Бұған жеткізушілердің көтерме сауда бағасын 7 пайызға қымбаттатуы себеп болды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, еліміздің шығысында да азық-түліктің бағасы біршама көтерілген. Мысалы, Өскеменде тәтті бұрыш 10 пайызға қымбаттап, баға 658-ден 726 теңгеге өсті. Мамандар өнімнің қымбаттауын жеткізушілердің көтерме сауда бағасын арттыруымен байланыстырып отыр. Ал Алматыда қымбат марокко мандариндерінің жеткізілім мөлшерінің артуына байланысты баға 14 пайызға қымбаттады. Бұрын әр келісі 288 теңгеден сатылған мандариндер қазір 329 теңгемен сатылып жатыр. Айта кетейік, өнімнің көтерме саудадағы бағасы бір аптаның ішінде 9 пайызға жоғарылаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай